fbpx

Ақтөбеде автобус жетіспейді Бейсенбі, 10 Маусым 2021 11:13

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалында қоғамдық көлік мәселесі талқыланды.

Партия жақтастары жүргізген мониторинг барысында күн сайын желіге шығатын автобустардың саны қысқарып жатқаны анықталды.

Жол ақысы қымбаттап, автобус мәселесі шешілмегеніне қала тұрғындары наразы. Қалалық әкімдік өкілі ақшалай қаражат ағынының ашықтығы үшін электрондық төлем жүйесі енгізілгенін түсіндірді.

Кездесуде автобустардың жағдайы мен қызмет көрсету сапасы да қаралды.

Автопарк басшылығы "Жол картасының" арқасында көлік құралдарының жағдайы мен қызмет көрсету деңгейін жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар жоспарланғанын айтып, 2015 жылдан бастап субсидия алмайтындарын жеткізді.

Ұйымдастырушылар субсидия жағдайды өзгертпейді деп санайды. Жаңа автобус сатып алып, жүргізушілерге аз жалақы төлеп, екі ауысымдық жұмыс енгізу мүмкін емес. Банктер тасымалдаушыларға аз пайызбен және ұзақмерзімді несие берсе, онда автопаркті жаңартып, қызметкерлер санын көбейтуге болады.

Қатысушылардың пікірінше, үкімет қоғамдық көлік мәселесін шешуі керек. Шағын жеке компаниялар бұл мәселені шеше алмайды.

ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS