Іс-шара Ә.Молдағұлова атындағы музейде ұйымдастырылды. Жиынның модераторы, ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті ардагерлер кеңесінің төрағасы, тарихшы Вячеслав Артемьев Қазақстан мен қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жанкештілігін тілге тиек етіп, жастардың сұрақтарына жауап берді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар мектептерде Ұлы Отан соғысына қатысқан отбасының ата-бабасы туралы шығарма жазу тәжірибесін енгізуді ұсынды. Олардың ойынша, мұндай шара тарихи жадыны сақтауға ықпал етеді.
Пікір білдірушілер жастармен кездескенде және БАҚ-та мақала жариялағанда соғыс туралы ойдан құрастырылған фактілерді терістеу қажеттігін алға тартты.
Шара соңында партия мүшелері музей басшысы Елена Қалтаеваға Ләйла Ахметованың «Панфиловшылар: біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз» атты кітабын табыс етті.
ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті