fbpx

Ауданда жұмыс табу оңай ма? Жұма, 09 Шілде 2021 08:57

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалының активі ауылдық жерлерде жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесін талқылау үшін қоғамдық пікірталас өткізді.

Іс-шараны ұйымдастыру үшін партия мүшелері Шалқар ауданына барып, жергілікті жастармен және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен кездесті.

Басқосуда партия мүшелері ауылдың жас тұрғындары кәсіппен айналысқылары келетінін білді. Жастар түйе өсіріп, оның жүнін, етін, шұбатын сатып табыс табуға болатынын баяндады. Бұл бастаманы әкімдік қолдап отыр.

090721 Akt

Жергілікті жұмыспен қамту орталығы қайта даярлау және қайта оқыту жүргізіп, қолданыстағы бағдарламаларға сәйкес, өтініш білдірушілерді жұмысқа орналастыруға тырысады. Ауданда жүзеге асырылып жатқан «Жол картасы» бағдарламасы бойынша шалқарлықтар Ақтөбе-Астрахань автомагистралінің құрылысында тер төгіп жүр.

Жиынға қатысушылар жалақының төмендігі, мамандардың, әсіресе инженерлер мен теміржолшылардың және қарапайым жұмысшылардың жетіспейтінін айтты. Бұған қоса олар қаланың инфрақұрылымын жақсарту және тұрғын үйді қолжетімді қылу мәселесін көтерді.

ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS