fbpx

Мал бағатын жер жоқ Бейсенбі, 29 Шілде 2021 17:24

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалының активі Мәртөк ауданында мал шаруашылығы мен жайылым жер мәселесін талқылады.

Жиынға жергілікті билік органдарының өкілдері мен фермерлік шаруашылықтардың басшылары қатысты. Ауыл тұрғындары жайылым жердің жоқтығына шағымданып, мал басын қысқартуға мәжбүр болып жатыр.

2017 жылы «Жайылым туралы» заң қабылданды, ал 2018 жылы Жер кодексіне түзету енгізілді. Соған сәйкес халықтың қажеттілігі үшін жекеменшіктен алынған жерге мемлекет өтемақы төлеуге тиіс. Енді, мемлекетке жерді меншік иесіне қайтару үшін қомақты қаржы жұмсау қажет.

Айта кетейік, Мәртөк ауданында жайылымға қатысты мәселе өзекті болып тұр. Ауыл тұрғындары мәселені шешу үшін жергілікті билік органдарына жүгінеді, бірақ олар бюджетте ақшаның жоқтығын алға тартады.

ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS