fbpx

Елдімекендер интернетпен қамтылуы керек Жұма, 20 Тамыз 2021 11:12

ҚХП  Ақтөбе облыстық филиалында өткен қоғамдық пікірталаста ауылды жерлердегі интернеттің қолжетімділігі мәселесі  талқыланды.

Қазақстан - халқының тығыздығы төмен ауданы бойынша үлкен мемлекет. Бұл – көптеген ауылдарда осы күнге дейін интернеттің болмауы себебінің бірі. Діңгек тіректері мен ұялы байланыстың базалық станцияларын салу өте қымбат, бұл провайдерлер үшін  тиімсіз.

Елімізде ауылдық елдімекендерде «интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері туралы» заң қабылданды. Осылайша 2022 жылдың соңына дейін әлемдік желіге 5 мыңнан астам елдімекенді қосу жоспарланды. Қазіргі уақытта жобаға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаты бойынша жұмыс істеуге дайын меценаттар, бизнесмендер, «Қазақтелеком» АҚ, интернет-провайдерлері компанияларының байланыс монополистері тартылуда.

Ақтөбе облысында 315 елдімекен бар. Жоспар бойынша интернет 212 ауылға тартылуға тиіс. Жобаны «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кселл» АҚ және «Кар-тел» ЖШС іске асыруда. 108 елдімекенде әлі күнге дейін талшықты-оптикалық кабель төселмеген. Ал Қазыбұлақ ауылдық округі мен Мәртөк ауданының Аққайың ауылы осы жылдың қараша айында интернетке қосылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ауылдық округтерді интернетке қосу мәселесі белсенді шешілуде, бірақ ауылдық жерлерді байланыс желісімен толық қамтуға әлі біраз уақыт қажет. Сонымен қатар жаңа байланыс инфрақұрылымын салу интернет-провайдерлері қызметінің құнына қатты әсер етпеуге тиіс.

ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS