fbpx

Қоқыс қаланың сәнін кетіреді Сейсенбі, 28 Қыркүйек 2021 09:42

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалында "Қоқыс - Ақтөбе қаласының  экологиялық проблемасы" деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Қоқыс шығару тарифінің көтерілуіне қарамастан, ақтөбеліктер тұрмыстық қалдықтар мен толып тұратын контейнерлерге шағымданады.

Талқылауға қатысушылар мынадай проблемаларды атап өтті: контейнерлердің жетіспеушілігі, қоқыстың морфологиялық өзгеруі, габаритті емес қалдықтарды жинауды ұйымдастыру, халықтың қызмет көрсетушілер алдындағы берешегі, жалақының аздығынан коммуналдық компаниялардағы кадрлардың тұрақтамауы, қазіргі заманғы техниканың болмауы. Отырысты ұйымдастырушылардың пікірінше, адамдардың мінез-құлық мәдениетін арттырып, тазалықты сақтауға үйрету қажет.

Талқылау қорытындысы бойынша қоқысты бөлек жинауды енгізу, қызмет ақысын жасамайтындар мәселесін шешу, коммуналдық қызметкерлердің жалақысын көтеру, техникалық базаны жаңарту, жаңа контейнерлер сатып алу, полигонды халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру сияқты ұсыныс жасалды.

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS