fbpx

Ауыл шаруашылығын қалай дамытамыз? Сейсенбі, 12 Сәуір 2022 11:40

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалында өңірдегі фермерлік шаруашылықтарды дамыту перспективасына арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен жер қатынастары бөлімінің өкілдері және фермерлер қатысты.

Пікірталас барысында жергілікті ауылшаруашылығын одан әрі дамыту шарасы қарастырылды. Жиналғандар кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдарының институционалдық мәртебесін арттыру қажет деген пікір білдірді. Бұған қоса «ҚазАгро холдингі» АҚ еншілес компанияларының бірінің базасында қарыздарды сақтандыру мен  кепілдендіру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік беретін тәуелсіз компания құру ұсынылды.

– ҚР жер заңнамасына уақытша жер пайдаланудың және пайдаланылмайтын жер учаскелерін алып қою, яғни жалға алу процестерін жеделдетуге өзгеріс енгізу қажет, – деп атап өтті аграршылар. – Ал халықты жайылыммен қамтамасыз ету жөніндегі заңнама талабының орындалуын бақылау функциясын ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағына беру керек.

120422AktobeШаруалар егін егу кезінде дизель отынын жеңілдетілген бағамен беру мәселесін күн тәртібіне қойды. Олар мемлекет бөлетін субсидия жеткіліксіз екенін жариялады.

– Қазақстан өзінің азық-түлік қауіпсіздігі туралы ойлануы керек. Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының экспортына тыйым салу немесе белгілі бір көлемде шектеу қойылуға тиіс, – деді шаруалар.

Дөңгелек үстел қорытындысында қабылданған ұсынымдар мемлекеттік органдарға жолданатын болды.

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS