fbpx

«Зейнет жасы алдындағы адам» мәртебесін бекіту қажет Бейсенбі, 21 Сәуір 2022 14:46

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалы өткізген жиында зейнет жасы қарсаңындағы азаматтар бетпе-бет келетін мәселелер талқыланды.

Ұйымдастырушылар уәкілетті органдардың осы бағытта атқарып жатқан шараларына баға берді.

Басқосуда ҚХП парламенттік фракциясы депутаттарының әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бойынша Конституцияға түзету енгізу ұсынғаны еске салынды.

Іс-шараға қатысушылар кәсіп пен қызмет саласын ескере отырып, зейнетке шығу; зейнетке мерзімінен бұрын шығу; мүгедек адамдар, мүгедек баланың ата-аналары немесе қамқоршылары үшін зейнет жасын төмендету; әлеуметтік сақтандыруды қайта қарау; ауылдық жерлердің тұрғындары үшін зейнет жасын төмендету; демалыс пен емделудің қолжетімділігі мәселелерін үкіметтік деңгейде қарау қажеттігін атап өтті.

Кездесуде 50 жастан асқан адамдар үшін жұмыс орындарының санын арттыру және жаңа мамандықтарға, мысалы, қашықтан жұмыс істеуге арналған тегін оқыту курстарын ұйымдастыру туралы ұсыныс айтылды.

Отырыс қорытындысында заңнамалық деңгейде «Зейнет жасы алдындағы адам» мәртебесін бекіту; жұмыс берушілердің 50 жастан асқан адамдарды жұмысқа қабылдау жөніндегі міндеттемелері; зейнет жасы алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыратын шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін салық жеңілдігін жасау туралы ұсыным әзірленді.

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS