fbpx

Жұмыспен қамту орталықтары немен айналысады? Бейсенбі, 05 Мамыр 2022 15:05

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалының белсенділері Шалқар кентінде көшпелі отырыс өткізіп, ауылдағы жұмыссыздық мәселесін және оны шешу жолын талқылады.

Мемлекеттік органдардың өкілдері жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары туралы баяндады. Олардың мәліметінше, күні бүгінге дейін 134 адам білімін жетілдіріп, 96 адам кәсіп ашу үшін мемлекеттен грант алды. 297 адам «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылды. 

Бұл ретте жастар арасында қарапайым мамандықты меңгергісі және маусымдық жұмыс істегісі келмейтін топ бар екенін атап өту керек.

Мәселенің екінші жағы бос жұмыс орындары туралы ашық ақпараттың болмауынан туындайды. Себебі жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталықтарына бос жұмыс орындарының бар екенін хабарламайды.

Талқылау қорытындысында қатысушылар ауылдағы жұмыссыздықты жою бойынша ұсыныс әзірледі. Құжат жұмыспен қамту орталығына, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына және жоғары оқу орындарына жолданды.

ҚХП Ақтөбе облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS