fbpx

Тұрғын үй бағдарламалары неге тиімсіз? Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 08:23

ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті ұйымдастырған қоғамдық тыңдауда қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешудің жолдары талқыланды.

Өмір сүруге жайлы, қауіпсіз жағдай жасау жайы да сөз болды. Іс-шараға қалалық әкімдіктің, тұрғын үй, жер қатынастары басқармасы мен бөлімінің өкілдері, ПИК басшылары, қоғам және партия белсенділері шақырылды.

– Ақтөбе қаласы мен облыстағы құрылыс қарқыны жоғары. Соған қарамастан, қазіргі уақытта тұрғын үй сатып алу кезегінде 30 мыңнан астам азамат тұр. Әлеуметтік осал топтардан кезекте тұрған мың адам пәтер кілтін алды. Қалғандары күтуге мәжбүр. «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істейді, бірақ азаматтардың барлығы дерлік оған қатыса алмайды, – деді ҚХП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінщші хатшысы Бота Дауылбаева

250221 Aktobe 2Әкімдік өкілі Жандос Әлімов «Нұрлы жердің» бес бағыты барын және «Отбасы банк» аз қамтылған отбасыларға кредит беретінін атап өтті. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Отбасы банкі» желісі бойынша 90 мың шаршы метр тұрғын үй облигациялық қарыздар есебінен салынуда. Бұл мақсатқа 8,7 млрд теңге бөлінді. Өкінішке қарай, өтініш білдірушілердің көбі бағдарлама бойынша өте алмайды. Мысалы, 60 жастан асқан зейнеткерлер тұрғын үй сатып алу үшін несие ала алмайды, табысы аз адамдарға да қолжетімсіз. Қазір тұрғын үй заңнамасының заң жобасы қаралуда. Оған өзгерістер енгізілмек.

Сонымен қатар облыста Нұр-Ақтөбе шағын ауданында несиелік тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Ақтөбе қаласында, облыстың Алға, Хромтау және Қарғалы аудандарында халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер салынуда. Бұл дегеніміз 534 пәтер. Оның 161-і көпбалалы отбасыларға,  373-і халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінді. Бір жыл ішінде өңірде 735,1 мың шаршы метр (немесе 4 512 жеке үй) жеке тұрғын үй салу жоспарлануда. Сондай-ақ Батыс-2 тұрғын үй алабында құрылыс қарқынды. Ол мемлекеттік емес кәсіпорындар мен халықтың қаражаты есебінен салынуда. Айта кету керек, тегін негізде берілетін пәтерлер 3-ші және 4-ші класты тұрғын үйге жатады. Бірақ тұрғын үй инспекциясы мамандарының айтуынша, конструкцияларға қатаң талаптар қойылады, ал бағаны интерьерді безендіру элементтері, яғни линолеум, сантехника, ішкі есіктер т.б. есебінен арзандатуға болады.

250221 Aktobe 1Ұйымдастырушылар азаматтардың аз қамтылған санаттары ғана емес, сонымен қатар орта тап өкілдері шаршы метрдің қымбаттығынан баспаналы бола алмай отырғанын айтты. Бір бөлмелі пәтердің 1 шаршы метрінің құны 120 мың, екі бөлмелі – 135 мың, үш бөлмелі – 130 мың теңгені құрайды. Бір бөлмелі пәтердің ауданы 37-52 шаршы метрді құрайды. Яғни «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтердің құны 4,4 млн-нан 6,5 млн теңгеге дейін жетеді. Ақтөбедегі коммерциялық тұрғын үй бағасы 1 шаршы метр үшін 140-180 мың теңгені құрайды.

Ұйымдастырушылар әрбір қазақстандыққа жер беру және тұрғын үй алаптарының абаттандырылуын арттыру бойынша ҚХП ұсыныстарын жеткізді. Қоғамдық тыңдауға қатысушылар партиялықтарды толығымен қолдады. Қазақстандықтардың жайлы әрі қауіпсіз баспанасы болуы тиіс.

ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS