fbpx

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Бейсенбі, 08 Сәуір 2021 11:34

ҚХП аймақтық партия комитеттері үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен байланысты нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл әлеуметтік мәселелерді кеңірек қамтуға және оларды шешуге ықпал етеді.

ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті «Адал капитал» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық келесідей салаларда жүзеге асырылатын болады: табиғатты және экожүйелерді қорғау; экологиялық қауіпсіздікті сақтау. Меморандумдағы тармақтың бірі – патриоттық тәрбие. Тараптар мемлекеттің жастар саясатын іске асыруға және адал әрі батыл Отан қорғаушыларды тәрбиелеуге белсенді қатысуға ниетті.

Сондай-ақ құжаттың мақсаты – жастар бастамаларын қолдау, бірлескен жобаларды іске асыру. Тиімділікті арттыру үшін тараптар өзара іс-қимылдың түрлі нысандарын пайдалануға, тұрақты ақпарат алмасуға, конференциялар, семинарлар, жиналыстар ұйымдастыруға келісті.

ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS