fbpx

Ерлік сабағы – патриотизмнің бастауы Дүйсенбі, 12 Сәуір 2021 08:18

Жасөспірімдер мен жастар арасында патриоттық тәрбиені насихаттау мақсатында ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Артемьев №11 орта мектептің жоғары сынып оқушыларына дәріс өткізді. Онлайн-сабақтың тақырыбы – «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі».

Қазіргі тарих оқулықтарында Ұлы Отан соғысы туралы ақпарат өте аз. Жоқ десе де болғандай. Себебі тарихтың дәл осы кезеңі біртіндеп кітаптардан, оқулықтардан, жарияланымдардан азайып барады. Тиісінше, соғыстың көзін көрген ардагерлердің де қатары сиреп келеді. Ақпаратты сайттар мен оқу құралдарынан ғана табуға болады.

Халық партиясының мүшелері 26 миллион адамның өмірін қиған соғыстың халық жадынан өшіруді дұрыс емес деп санайды. Қазақстан да,  қазақстандықтар да фашистік басқыншылармен болған шайқастарға белсене қатысып, тылда аянбай еңбек етіп, көптен күткен жеңісті жақындата түсті. Бұл туралы Вячеслав Артемьев өз сөзінде жақсы айтты. Дәріс қызықты, мазмұнды өрілді. Мысалдар мен фактілерге толы болды. Жоғары сынып оқушылары сұрақтар қойып, оларға тиісті жауап алды. Қатысушылар өткізілген сабақ үшін алғыс білдіріп, осындай дәрістердің жалғасатынына үміт білдірді.

ҚХП Ақтөбе облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS