fbpx

Азық-түлік қауіпсіздігі - ұлттық қауіпсіздік кепілі Сәрсенбі, 19 Мамыр 2021 09:05

ҚХП Қызылорда облыстық комитеті өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігінің өзекті мәселелері туралы қоғамдық пікірталас өткізді. Оған партия комитетінің белсенділері, қалалық мәслихаттың депутаттары, облыстық ішкі саясат, ауыл шаруашылығы басқармаларының, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының және облыс волонтерлерінің фронт-офисінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар Қызылорда облысының – елдегі күріштің негізгі жеткізушісі екеніне баса назар аударды. Бұл дақылды өсіру үшін субсидиялар бөлінеді. Бірақ күріш сатудан түсетін пайда үлкен компанияларға тиесілі. Сонымен қатар күріш өсіру көп мөлшерде суды қажет етеді. Ал аймақта су жетіспеушілігі айтарлықтай сезіліп отыр. Бұған дейін аймақта картоп пен басқа да көкөністер жаппай отырғызылды. Сондықтан тек күрішке ғана назар аудармай, басқа дақылдарды өсіруге қайта оралу маңызды.

Азық-түлік бағасының өсуіне байланысты сын айтылды. Бағаны бақылау жобаларына қарамастан, іс жүзінде оның өсуі бақыланбайтын процесс екені белгілі болды. Жергілікті билік өсіп келе жатқан бағаны «бәсеңдетуге» уәде бермейді. Тіпті облыста өсірілетін күрішті қызылордалықтар басқа аймақтарда сатылатын бағамен сатып алады.

Отырысқа қатысушылар өңірде ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісі өте аз екеніне назар аударды. Жыл сайын шағын өңдеу кәсіпорындарын ашу бойынша бірқатар жоспарлар айтылғанымен, бірақ іс жүзінде нәтиже мардымсыз. Партия комитетінің активі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өндіру кәсіпорындарына мониторинг жүргізу үшін аудандарды аралауға ниетті.

190521 KZL

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі де өзекті болып қала береді. Сырттан әкелінетін өнімдерді кең ауқымды сертификаттау жоқ. Нитраттар, пестицидтер, ГМО мөлшері тұтынушыға жарнамаланбайды.

Қатысушылардың пікірінше, жергілікті өндірушілерді қолдау өте маңызды. Импортталған көкөністерді, жемістерді, ет, сүт өнімдерін сатып алу аймақтың ауылшаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қаражат салудан оңай. Бірақ бұдан өзіміз ғана ұтыламыз.

Дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстар облыс әкімдігіне, ауыл шаруашылығы басқармасына, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ-ға жолданған қорытынды құжатқа енгізілді.

ҚХП Қызылорда облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS