fbpx

ҚХП экологиялық қауіпсіздікті қолдайды Сәрсенбі, 16 Маусым 2021 09:22

ҚХП Қызылорда облыстық филиалының бастамасымен сараптамалық қауымдастықтың қатысуымен қоғамдық пікірталас өтті. Басқосуда  тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі қаралды.

 Қала маңында полигон өте көп, ыстық уақытта өздігінен жанатын қоқыс таулары халықты алаңдатады және аймақтың экологиялық жағдайына қауіп төндіреді. Тұрмыстық қалдықтарға арналған жаңа полигондар ашылуда, бірақ бұл мәселені толық шешпейді. Бізге қоқыс өңдейтін зауыттар қажет, бірақ бұл өте қымбат бизнес. Сондықтан кәсіпкерлер мұндай жобаларды игере алмайды. Қаланы тұрмыстық қалдықтардан тазартуға дайын энтузиастарды қолдау үшін мемлекеттің қызығушылығы мен қаражаты қажет.  Салынып жатқан қоқыс жағатын (пиролизді) зауыттар атмосфера үшін өте қауіпті.  Шенеуніктердің айтуынша, жергілікті билік заманауи талаптарға сай жаңа полигондардың ашылуына қолдау көрсетуде.

Бірақ экологиялық қауіпсіздік қазір азық-түлік қауіпсіздігімен салыстырғанда бірінші кезектегі міндетке айналуда. Халық партиясы экологтармен бірге дабыл қағуда: тұрмыстық қоқысты қайта өңдеу арқылы оны кәдеге жаратудың жаңа тәсілі қажет. Халықты қалада тазалықты сақтауға, қоқысты сұрыптауға, азаматтық жауапкершілікке  тәрбиелеу қажет.

ҚХП Қызылорда облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS