fbpx

Кәсіпкер болу оңай ма? Жұма, 25 Маусым 2021 09:37

ҚХП Қызылорда облыстық филиалында шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі талқыланды. Талқылауға әкімдік пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.

Қазіргі уақытта «Даму» қорының барлық бағдарламалары мен өзге де бағдарламалар көп қаражат жұмсайды. Бірақ кәсіп бастаған адамдардың тек 10%-ы ісін ары қарай жалғастырады. Себебі олардың несие алу үшін  кепілдікке қоятын мүлкі болмайды немесе олар бизнеспен қалай айналысу қажет екенін білмейді. Кәсіпкерліктің қиыншылығын алдын ала болжай алмайды.

Ұйымдастырушылар кәсіпті жаңа бастаған бизнесмендерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін ҮЕҰ-ды тарту қажет деп есептейді. Олар куратор ретінде бизнестің тиімді бағытын ұсынып, тәуекелдерді анықтайды. 

Қатысушылар бизнеске арналған бағдарламалар қолжетімді және жан-жақты ойластырылған болуы керек деп санайды. Мысалы, көпбалалы аналарға немесе халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын азаматтарға жеке кәсіп бастау ұсынылады, ол үшін олар несие алады, бірақ кәсіптері өрге баспайды, ал қарызды қайтару қажет. Бұл олардың өмір сүру деңгейін одан сайын төмендетеді. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін пайызбен ақша беріп қана қоймай, оларды оқыту, қолдау, заңгерлік көмек көрсету керек.

ҚХП Қызылорда облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS