fbpx

Мемлекет сапалы білім алуға жағдай жасауы керек Бейсенбі, 16 Қыркүйек 2021 10:48

ҚХП Қызылорда филиалының активі қазіргі заманғы білім беру мен педагогтердің мәселелерін талқылауға бастамашы болды.

ЖОО мен колледж студенттерінің пікірінше, бүгінгі схема бойынша құрылған оқыту: 70% онлайн, 30% дәстүрлі оқыту жүйесі өте ыңғайлы. Қашықтан оқыту уақытты үнемдейді. Кемшілігі – шектеу шарасына байланысты студенттердің өзара қарым-қатынасы азайып, бірлескен қызықты жобалар мен іс-шаралар өткізу мүмкіндігі болмайды.

Педагогикалық құрамның деңгейіне келетін болсақ, жоғары білікті, өз пәніне құштар оқытушылардың саны азайып жатқаны байқалады. Жағдай жасау мен ынталандыру – мемлекеттің міндеті.

Қатысушылар отырыс қорытындысында әзірленген ұсыныстарды Қызылорда қаласы жоғары оқу орындары мен облыстық білім басқармасына жолдады.

ҚХП Қызылорда облыстық филиалы

Осы категорияда « Кәсіпкер болу оңай ма?

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS