fbpx

Азық-түлік қауіпсіздігіне кім жауап береді? Бейсенбі, 12 Мамыр 2022 13:05

ҚХП Қызылорда облыстық филиалында өткен қоғамдық пікірталаста  азық-түлік пен тауар бағасының күн санап қымбаттап жатқаны мезгіл мәселесі ретінде қаралды.

– Наурыз айында азық-түлік бағасы 10%-дан 15,4% -ға дейін өсті. Баға күні бүгінге дейін тұрақтамай тұр. Тіпті мемлекеттің бақылауындағы әлеуметтік маңызы зор азық-түліктің де бағасы шарықтап барады. Апта сайын барлығы 1,3%-ға қымбаттап жатыр, – деді Қызылорда облыстық филиалының бюро мүшесі М.Смайлов.

Басқосуда азық-түлік қауіпсіздігі өзекті әрі маңызды екені тілге тиек етіліп, егін егу науқаны дер кезінде және сапалы жүргізілуге тиіс екені мәлімделді. Жиында көптеген шаруалардың дала жұмысына дайын емес екені айтылды.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті билік органдары жауапкершілікті өз мойнына алып, шаруаларды арзан жанар-жағармаймен, тұқыммен, тыңайтқышпен, техникамен қамтамасыз етуге тиіс.

photo

Қатысушылар Мемлекет басшысы ұсынған дағдарысқа қарсы шараларға қолдау білдіріп, делдалдар мен алыпсатарларға қарсы шара қолдану қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар өңірлердегі егін егу жұмысын жандандыру үшін ұсыныстарын жеткізді.

ҚХП Қызылорда облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS