fbpx

Қоғамдық орын қауіпсіз болуы керек Жұма, 10 Маусым 2022 12:56

ҚХП  Қызылорда облыстық филиалы қаланың орталық алаңындағы қауіпсіздік мәселесіне арналған қоғамдық пікірталасқа бастамашы болды.

Талқылауға Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің, ішкі саясат бөлімінің және полиция басқармасының өкілдері шақырылды.

Қала тұрғындары орталық алаңдағы субұрқақтың айналасы адамдардың серуендеуі мен демалуы үшін ыңғайсыз және қауіпті деп шағымданды. Жабайы сауда, велосипедтерді, самокаттарды, электрокарлар мен электроскутерлерді және батуттарды жалға беру іс жүзінде алаңды ойын-сауық орталығына айналдырды.

Мамыр айында наразылықтың туындауына байланысты қалалық әкімдік, қоғамдық кеңес, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм басқармасы, Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлердің сауда нүктелерін қала аумағындағы басқа учаскелерге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Кейін кәсіп иелері Тұңғыш Президент саябағына көшірілді. Салдарынан саябақтың тыныштығы, тазалығы, тәртібі бұзылды.

KZL100622

Мәселені шешу үшін ҚХП Қызылорда облыстық филиалы қала әкімдігіне жүгініп, саябақтағы қоқыс жәшіктерінің санын көбейтуді, көше бойына жаңа жаяу жүргінші жолын орнатуды талап етпекші.

ҚХП  баспасөз қызметі

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS