fbpx

«Партия дауысы» – сенім көпірі Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 08:25

Қазақстан Халық партиясы айына кемінде екі рет «Партия дауысы» акциясын өткізеді. Ондағы мақсат – халық арасында Парламент Мәжілісіндегі ҚХП депутаттарының қызметін насихаттау.

Халық қалаулыларының биік мінбеден айтылған депутаттық сауалдары Қазақстанның барлық өңірінде таратылып, түсіндіріледі.

Қызылордада кезекті рет «Партия дауысы» акциясы ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар Халық партиясынан сайланған депутаттардың соңғы депутаттық сауалдары туралы ақпараттарды жылы қабылдады.

220221 KZL 1220221 KZL 2
Бұл жолғы депутаттық сауалдар мектепке дейінгі мекемелердің қаржыландырылуы, «Әлеуметтік бірлік және азаматтардың әл-ауқаты» ұлттық жобасын қабылдау қажеттілігі, жұмыспен қамту жол картасына түзетулер енгізу және жалақыны арттыру, ауылдық жерлерде мал ұрлығына қарсы күресті күшейту секілді өзекті мәселелерге арналды.

ҚХП Қызылорда облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS