fbpx

Партия жастары көшет отырғызды Жұма, 02 Сәуір 2021 14:09

ҚХП Қызылорда облыстық комитетінің Жастар қанаты «Таза табиғат» акциясы аясында Жеңіс саябағына көшеттер отырғызды. Бұл күні 30-дан астам жас көшет егілді.

Акцияға ҮЕҰ-дың, жастар ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қызылордадағы Жеңіс саябағы ерекше құлпыра түсті.

–  Партия активі ағаштарды бірінші рет отырғызып отырған жоқ. Мұндай акциялар жақсы дәстүрге айналған. Біз қаламыздың таза, жайлы, тартымды болғанын қалаймыз. Біз отырғызған көшеттер жақын арада өсіп, ондаған жылдар бойы қала тұрғындарына пайда әкеледі деген сенімдеміз. Ал жас партиялықтар үшін бұл өте жақсы тәжірибе. Олар жалпыға ортақ игілікті іс жасады. Жеңіс саябағында қаза тапқан Отан қорғаушыларға құрмет ретінде ағаштың отырғызылуы буын сабақтастығы тұрғысынан ерекше мәнге ие, – деді партия ұйымының бірінші хатшысы Талғат Телеубаев.

ҚХП Қызылорда облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS