fbpx

"Партия дауысы" акциясын ұйымдастырды Дүйсенбі, 12 Сәуір 2021 08:25

ҚХП Қызылорда облыстық комитеті мен жастар қанаты белсенділері «Партия дауысы» акциясын өткізді. Шара аясында Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттық сауалдары жазылған кітапшалар таратылды.

Қала тұрғындары депутаттардың Үкіметке жолдаған соңғы депутаттық сауалдары туралы толық ақпарат алды. Халық қалаулылары энергия тарифтерінің көтерілуіне жол бермеу, отандық ғылымның жүйелі проблемаларын шешу, ғарыш саласын дамыту, елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты маңызды тақырыптарды көтерді. Кітапшалар адамдар көп жиналатын жерлерде және «Болашақ» университетінің жанында таратылды.

Сондай-ақ акция барысында депутаттық сауалдардың мазмұнына қысқаша түсініктеме берілді. Қызылордалықтардың ҚР Парламентіндегі ҚХП фракциясының жұмысын оң бағалайтыны байқалды.

ҚХП Қызылорда облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS