fbpx

Еңбек нарығы ерекше адамдарға қолжетімді емес Дүйсенбі, 19 Сәуір 2021 07:09

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру, атап айтқанда жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды. Іс-шараны ҚХП Қызылорда облыстық комитеті ұйымдастырды. Оған ішкі саясат бөлімінің, жұмыспен қамту бөлімінің, бизнес құрылымдардың, ҮЕҰ өкілдері, мүмкіндігі шектеулі адамдар, партия белсенділері қатысты.

Партия комитетінің бірінші хатшысы Талғат Телеубаев мүгедектерді жұмыспен қамту мақсатында әкімдіктер жұмыс орындары санының 2%-дан 4%-ға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілейтінін хабарлады. Соған қарамастан, жұмыспен қамту өте өзекті мәселе болып қалуда. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін еңбек жағдайларын жасау, жұмыс орнын жабдықтау, қайта оқыту қажет. Бұл жұмыс беруші үшін қосымша шығын, әрине. Жұмыс орындарының тапшылығы мәселені одан әрі ушықтырады. Ал антиковидтік шектеу шаралары дені сау адамдардың өзін жұмысы мен табысынан айырып отырғанын ескерсек, мәселе тіпті өзекті. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру, жұмыс орындарын ұсыну, бизнесті жүргізу және кәсіпкерлік қызметті оқыту бойынша бірқатар бағдарламалар бар.

Қалалық және облыстық жұмыспен қамту бөлімдерінің өкілдері ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Оларды үйде жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыра отырып, компьютерлік сауаттылықты жетілдіруге үлкен көңіл бөлінеді.

Жеке фирмалар мен компаниялардың басшылары да сөз сөйлеп, мүгедектерді жұмысқа орналастыру кезінде туындайтын тәжірибелерімен және қиындықтарымен бөлісті.

Жеке фирмалар мен компаниялардың басшылары да пікірлерін білдіріп, мүгедектерді жұмысқа орналастыру кезінде туындайтын қиындықтармен, тәжірибелерімен бөлісті. Мүмкіндігі шектеулі жандар да жұмыс іздеудегі қиындықтар туралы әңгімеледі.

Қоғамдық тыңдауларға қатысушылар жағдайды өзгерту бойынша бірқатар шараларды ұсынды. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға қажетті ақпаратты іздестіруді жеңілдету үшін бос жұмыс орындары, гранттар, жұмыс орындары, оқыту, уақытша жұмысқа орналастыру, толық емес жұмыспен қамту, несиелер және арнайы бағдарламалар туралы барлық ақпарат жиналатын бірыңғай ақпараттық-талдау орталығын құру қажет. Тиісінше, орталықтың барлық деректері ашық әрі қолжетімді болуы тиіс. Шығармашылық қабілеттері мен таланттарын ашу үшін мемлекеттік сатып алу порталының базасында мүгедектігі бар адамдарға осындай қызметтерді ұсынатын ерекше бөлім құру қажет. Барлық ұсыныстар қорытынды құжатқа енгізіліп, ҮЕҰ-ға, мүгедектер қоғамына, ҚХП парламенттік фракциясына, жұмыспен қамту бөлімдеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарды бейімдеу және оңалту орталықтарына жіберілді.

ҚХП Қызылорда облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS