fbpx

Тұрғын үйді жалға алу ережелерін қайта қарау қажет Сәрсенбі, 19 Мамыр 2021 17:34

ҚХП Алматы облыстық комитетінде Талдықорған қаласының ПИК қауымдастығының төрайымы Людмила Красиковамен кездесу өтті. Әңгіме жалдамалы пәтерлердегі тәртіпсіздіктерге наразы азаматтардың бастамашыл тобының мәлімдемесіне қатысты болды.

Локдаун кезеңінде қаланың барлық дерлік қонақ үйлері жабылды. Сөйте тұра Талдықорған іссапарға келушілерден, спорт командалары мен басқа да қонақтардан арылған жоқ. Олар күнделікті жалға берілетін пәтерлерде тұруға мәжбүр. Уақытша қонақтар қалдырған қоқыс, жалға берілетін тұрғын үйден шыққан шу, көп пәтерлі үйлерде бөтен азаматтардың болуы тұрақты тұрғындарға ұнамайды, әрине.

Одан да жаманы, белгісіз адамдар жиналатын сағатына жалға берілетін пәтерлер бар. Мұнда музыка қатты қойылады, жанжалдар шығады, мас күйінде мазаны алады, кіреберістерде темекі тұқылдары мен қоқыс салынған пакеттер жатады. Мұның бәрі көршілердің наразылығын тудырады. Әсіресе қарттар мен науқастарға қиын. Ал тұрғындар балаларды аулаға шығарудан немесе мас адамдармен бетпе-бет келіп қалудан қорқады.

Тәртіп сақшыларын шақыру, әкімдікке, ПИК-ке, жалға берілетін пәтер иелеріне шағым түсіру ешқандай нәтиже бермейді. Айта кету керек, партия комитетінің қоғамдық қабылдауына пәтер жалдаушылардың да, пәтер иелерінің де өтініш-тілектері келіп түсті.

ПИК қауымдастығының өкілімен болған әңгіме барысында Ресей астанасында қабылданған ұсыныс айтылды. Онда пәтерлерді тапсыру ережелері күшейтілген. Тұрғын үй иелеріне айыппұлдан бастап тұрғын үйді жалға беруге тыйым салуға дейін шаралар қолданылады. Тіпті ФСБ органдары террористік топтардың жолын кесу үшін осы процеске қосылған. Сондай-ақ егер пәтер ипотекаға алынған болып, иесі оны ипотекалық төлемдерді жабу үшін тапсырса, пәтерді тартып алуы мүмкін.

Қазақстанда да шектеу шараларын енгізіп, тұрғын үйді тапсыру мен жалға беру ережелерін қатаңдату керек. Әйтпесе, басқа тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына зиян келеді. Талдықорғандағы көп қабатты үйлердегі пәтерлердің жартысына жуығы жалға беріледі. Оларға жақын жерде полиция, ҰҚК және басқа органдардың басқармалары мен департаменттері орналасқан. Бірақ олар мұндай тәртіпсіздікке назар аудармайды да.

Азаматтардың өтініштері мен шағымдарының негізінде ҚХП Алматы облыстық комитеті қала әкімдігіне қалыптасқан жағдай туралы хат жолдады. Сондай-ақ депутаттық сауалға жүк болар құжаттар әзірленуде.

ҚХП Алматы облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS