fbpx

Шағын және орта бизнес шатқаяқтап тұр Сейсенбі, 01 Маусым 2021 09:54

ҚХП Алматы облыстық комитеті ұйымдастырған қоғамдық тыңдауда өңірдегі шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштерінің төмендеуі талқыланды.

Диалогқа кәсіпкерлердің өздері, кәсіпкерлер палатасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының, мемлекеттік органдардың, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының өкілдері шақырылды.

Бұл тақырып карантиндік шектеулер кезінде ҚХП партия комитетіне  карантин кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштердің негізінде таңдалып алынды. Көптеген жеке кәсіпкерлік субъектілері банкротқа ұшырап, кейбірі жабылу алдында тұрды. Сондай-ақ олар несиелер, коммуналдық қызметтерді, жалдау ақысын төлеуі керек, қызметкерлердің жалақысы да мойында тұр.

Кездесудің мақсаты – жергілікті бизнеске қатысты қалыптасқан қиын жағдайдың деңгейін анықтау және оның өсу қарқынын еңсеру стратегиясын әзірлеу. Бір қызығы, шақырылған шенеуніктер ешқандай құлдырау жоқ, керісінше бәрі тұрақты, тіпті кәсіпкерлікте өсу бар деп сендірді. Сондай-ақ мемлекеттік орган өкілдерінің айтуынша, ASHYQ қосымшасы қысқа уақыт ішінде шағын және орта бизнеске қатысты жағдайды тұрақтандырады. Алайда кәсіпкерлер мұндай тұжырыммен мүлдем келіспейді.

010621 Alm

Талқылау соңында ұйымдастырушылар кәсіпкерлердің тәуекелдерін азайтатын тетіктерді әзірлеуді ұсынды.

ҚХП Алматы облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS