fbpx

Әр азамат қоршаған ортаның тазалығына жауапты Бейсенбі, 24 Маусым 2021 10:18

ҚХП  Алматы облыстық филиалының активі «Алматы облысының қоршаған ортасын қорғау және табиғатты пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Талқылауға сарапшылар мен бейінді ведомстволардың өкілдері шақырылды.

Жаз – табиғатта демалатын уақыт, бұл кезде әрбір азаматтың қала сыртындағы тазалық пен өрт қауіпсіздігін сақтау  жауапкершілігі артады. «Талдықорған орман шаруашылығы» КММ қызметкерінің айтуынша, олар орман алқаптарын дронмен бақылап отырады, бұл орман өртінің алдын алуға мүмкіндік береді. Адамдардың, әсіресе жастардың қоқыс үйінділерін тастап кетуіне көптеген шағымдар жиналды. Мекеме қызметкері мектеп оқушылары мен студенттер және жалпы қала тұрғындары арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу және табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін тарату жұмыстарына көмек көрсетуді  сұрады.

Кезекті өзекті мәселе –Текелі қаласындағы қалдық қоймаларын қалпына келтіру, оған 650 млн теңге бөлінді, бірақ  өткен он жыл ішінде жұмыстар аяқталған жоқ.

240621 Alm

Кездесуді қорытындылай келе ұйымдастырушылар қомақты қаражат бөлінген күннің өзінде де, облыстың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардағы жүйелілікке кедергі келтіретін бытыраңқылық пен бюрократиялық кідірістер екенін атап өтті.

ҚХП Алматы облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS