fbpx

Инватаксиге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді Дүйсенбі, 28 Маусым 2021 09:43

ҚХП Алматы қалалық филиалына мүгедектігі бар адамдар бірнеше рет инватакси мәселесі бойынша көмек сұрап келді.

Инватаксиге автобус қозғалысы жолағымен жүруге рұқсат берілмеген. Сондықтан жол жүруге ұзақ уақыт кетеді. Бұл мүгедек адамдардың жағдайын нашарлатып, қызметке қол жеткізуді қиындатады.

ҚХП атынан сайланған мәслихат депутаты Нұрсұлтан Шоқанов пен партияның Алматы қалалық филиалының активі 5 ай бойы бюрократиялық кедергілерді еңсере отырып, мәселені шешу үшін күресті. Нәтижесінде инватакси қоғамдық көлікке арналған жолмен жүретін болды. Барлық мамандандырылған автокөліктер «Сергек» жүйесіне қосылды. Бұл   инватакси ұсынатын қызметтің сапасын арттырады.

Ресми мәліметке сүйенсек, Алматыда 54 752 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. ҚХП олардың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді.

ҚХП Алматы қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS