fbpx

Тұрғындар ақшасыз және газсыз қалды Жұма, 23 Шілде 2021 09:49

ҚХП Алматы облыстық филиалы Текеліде қаланы газдандыру мәселесі бойынша көшпелі дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға жергілікті билік органдары мен коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері, кәсіпкерлер және тұрғындар шақырылды.

2017 жылы газдандыру жобасының үйлестірушісі «Жетысу-облгаз» ЖШС «Ас-Тас» ЖШС компаниясымен шарт жасады. Осылайша 2 жыл магистральдық газ құбырларын жобалау мен жүргізуді қамтамасыз ету мен абоненттерді қосуға міндеттелді.

«Ас-Тас» компаниясы әрекет ету тәртібін бұзып, нақты жобасыз, абоненттерді қосуға рұқсат алмай, тұрғындардың әрқайсынан 350 мың теңге жинаған. Компанияға 87 адам төлем жасаған, алайда олардың үйіне газ келмеген.

Таяуда Жетысу-облгаз» ЖШС міндеттемесін орындамағаны үшін «Ас-Тас» компаниясымен жасаған келісімшартты бұзды. Ал Текелі қаласының жергілікті атқарушы органдары «Ас-Тас» ЖШС-ны сотқа берді.

Енді орындалмаған қызмет үшін ақша төлеген адамдардың мәселесін шешу қажет.

ҚХП Алматы облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS