fbpx

Жайылым жетіспейді Сейсенбі, 21 Қыркүйек 2021 09:34

ҚХП Алматы облыстық филиалында облыстық әкімдік, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармалары өкілдерінің қатысуымен «Алматы облысындағы мал шаруашылығы саласындағы қауіпсіздік стратегиясы» деген тақырыпта қоғамдық тыңдау өтті.

Партия мүшелері жүргізген мониторингке сәйкес, Алматы облысында жайылымдық жердің жетіспеушілігі байқалады. Қалыптасқан жағдай ҚХП Алматы партия филиалының жергілікті атқарушы билік органдары мен жауапты ведомстволарға бірқатар өтініш беруіне себеп болды.

Әкімдік өкілдері бұл мәселе бақылауда екенін айтады: жайылымдарға арналған жер бөлінді, аймақтағы мал шаруашылығын белсенді субсидиялау жүріп жатыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жерді бөлумен ауылдық округтер мен аудан әкімдері айналысады, бұл ресми және заңды түрде жүзеге асырылады деп сендірді. Ал ауыл тұрғындары жайылымдық жерлерді шенеуніктер мен ықпалды адамдар «басып алды» дейді. Өкінішке қарай, жергілікті атқарушы орган өкілдері бұл жағдайға түсініктеме бере алмады.

ҚХП Алматы облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS