fbpx

Патриотизм агрессия мен вандализмге қарсы Бейсенбі, 12 Мамыр 2022 18:31

ҚХП Алматы облыстық филиалының активі Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің ұжымымен кездесті.

Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген саяси реформалардың басым бағыттары мен Мемлекет басшысы қолдаған Қазақстан Халық партиясының «Жер, оның қойнауы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі» деген бастамасы және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселесі талқыланды.

120522Alm1

– Жаңа Қазақстан құрудың құралы алдағы Конституциялық реформа болады. Оны жүзеге асыру үшін жалпыхалықтық қолдау қажет. Сондықтан 5 - маусымда референдумға қатысқан дұрыс болады, – деді ҚХП Алматы облыстық филиалының төрағасы С.Биғарова.

120522Alm2

Басқосу барысында қаңтар оқиғасы кезінде кейбір жастардың агрессия мен вандализмге жол бергені баяндалды. Осының қайталануына жол бермеу үшін өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше назар аударып, патриотизмді дамытуға басымдық берген абзал екені мәлімделді.

ҚХП Алматы облыстық филиалы

Соңғы материалдар

© 2022 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS