fbpx

Фракция жұмысына сәттілік тіледі Дүйсенбі, 22 Ақпан 2021 08:21

ҚХП Алматы облыстық комитетінің белсенділері кезекті «Партия дауысы» акциясын өткізді.

Акция аясында Талдықорған тұрғындарына «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының жаңа депутаттық сауалдары таныстырылды.

Бұл жолы депутаттар Үкімет алдында өте маңызды мәселелерді көтерді. Оның ішінде қоғамның бай, кедей болып бөлінуіне жол бермейтін ұлттық жобаны құру қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ балабақшаларды қаржыландыруды арттыру туралы сауал жолданды. Қолда бар деректер бойынша кейбір балабақшалардағы балалар күніне 560 теңгеге тамақтанған. Дұрыс тамақтана алмаған жағдайлар да кездесіп отыр. Жұмыспен қамту және жалақы мәселесі жұмыспен қамтудың жол картасының тиімділігін арттыру туралы сауалға өзек болды. Депутаттық сауалдың бірі ауылдық жерлерде кең таралған мал ұрлығы мәселесіне арналды. 

220221 Alm 1220221 Alm 2
Депутаттық сауалдардың барлығы қала тұрғындарының көңілінен шықты. Олар партия депутаттарының жұмысына сәттілік тілеуді де ұмытқан жоқ.

ҚХП Алматы облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS