fbpx

Экономиканы әртараптандырудың амалы Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 08:32

ҚХП Алматы облыстық комитетінде «Қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу» тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті.

Іс-шараға облыстық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармасының, Заң палатасының, «Отбасы банкі» АҚ өңірлік филиалының, ішкі саясат бөлімінің өкілдері, облыстық мәслихат депутаты, Талдықорған тұрғындары, көпбалалы аналар, партия ұйымының активі шақырылды.

230221 AlmatyTaldykҚХП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Сәуле Биғарова өңір халқының, жалпы ел тұрғындарының баспана мәселесіне тоқталды. Қатысушылардың назарына партияның жеке тұрғын үй құрылысына және шаруашылық жүргізу үшін әрбір қазақстандыққа 20 сотық жер беру туралы бастамасы ұсынылды. Қаланың шеткері аумақтарынан берілетін учаскені 10 сотық жерге дейін қысқартуға болады. Ал ауылдық жерлерде 20 сотық жер бөлуге мүмкіндік бар.

Талқылау барысында тұрғын үй мәселесі бағаның қымбаттығына байланысты туындап отырғаны айтылды. Халықтың негізгі бөлігінің табысы төмен. Сондықтан тығырықтан шығудың бір жолы – табысты көбейту. Сондай-ақ пайдаланылмай тұрған жер учаскелерін жеке тұрғын үй құрылысына беру керек. Тиісті инфрақұрылымды құра отырып, тұрғын үй алаптарын абаттандыру тұрғысынан коммуналдық қызметтерге бақылауды күшейту қажет. Жалпы, қатысушылар ҚХП-ның ел азаматтарына жер беру туралы бастамасын қолдады. Партия өкілдері жеке тұрғын үйдің жаппай құрылысы экономиканы әртараптандырудың негізі бола алады деп санайды. Бұл экономикалық белсенділікті жандандыратын тиімді тетіктердің бірі.

ҚХП Алматы облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS