С.Рысқұлова – бес баланың анасы. Олардың үшеуі кәмелетке толмаған. Жұбайы артритпен ауырады. Сондықтан жұмыс істеуге, отбасын асырауға мүмкіндігі жоқ. Қазір отбасының материалдық жағдайы тым ауыр. Жалдамалы үйде тұрады. Тұрғын үйдің өзі апаттық жағдайда. Екі үлкен ұлы 18 жастан асқандықтан, көпбалалы отбасы ретінде алатын жәрдемақыдан айырылған.
Талдықорған қаласының тұрғыны А.Әбілмәжінова кәмелетке толмаған екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Отбасы жалбанбалы үйде тұрады. Бұл үй өмір сүруге жарамсыз әрі қауіпті. Үйдің іргетасы құлағалы тұр, төбесінен су саулайды, өрт қауіпсіздігі нормаларына мүлдем сәйкес келмейді. Үй ішінара қоршалған. Бірақ сыртынан қарасаңыз, қараусыз қалған үйге ұқсайды. Сондықтан мұнда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жиі келіп, мазаны алады. Әйел мұндай адамдарды бірнеше рет қуып шыққан.
Алматы облыстық маслихатының депутаты Жүнісхан Ермұхан азаматтық ұстанымын білдіріп, бұл отбасыларға «Шапағат» халықтық жобасы аясында барынша көмек көрсетті. Азық-түлік пен көмір жеткізіп берді. ҚХП Алматы облыстық комитетінің белсенділері депутатпен бірге олар тұрып жатқан жерге барды. Партиялықтар алдағы уақытта бұл отбасыларға одан әрі қолдау көрсетіп, қамқорлыққа алуға ниетті.
ҚХП Алматы облыстық комитеті