fbpx

ҚХП депутаттары көпбалалы аналармен кездесті Жұма, 05 Наурыз 2021 12:05

Алматы қаласындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығында кездесу өтті.

Көпбалалы аналармен кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінндегі ҚХП депутаттары Ғазиз Құлахметов, Ерлан Смайлов және Алматы қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Шоқанов, Наурызбай аудандық партия комитетінің хатшысы Нұрдәулет Күлшіков қатысты. Іс-шарада Алматы қаласы Наурызбай ауданының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік орталығының басшысы Сана Жандай, орталықтың психологы Светлана Пак, «I-SHUK» білім беру орталығының басшысы және орталық қызметкері Айгүл Базылханова сөз сөйледі. Шараға көпбалалы аналар, білім беру, әлеуметтік әл-ауқат басқармаларының, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Бақытты отбасы» жобасының жетекшісі, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуде денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындауға қатысты мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, балалардың мүгедектік тобын жыл сайын растау, қазіргі кезде мүгедектік тобы берілмейтін аурулар тізіміне енгізу, ремиссиядағы, бірақ патологиясы бар балаларды есептен шығару туралы мәселенің жай-жапсары айтылды. Сондай-ақ топтың бар-жоғына қарамастан, мүгедек балаларды тегін оңалту және дәрілік препараттармен қамтамасыз ету қажет. Келесі мәселе элиталық және қымбат балабақшалар, мектептер, лицейлер және қарапайым оқу орындары болып жіктелуі сөз болды. Білім беру отбасының барлық санатындағы балалар үшін тең әрі қолжетімді болуға тиіс.

Көпбалалы аналардың Қазақстан Халық партиясының депутаттарына айтқан ұсыныстары да ұтымды. Олар қоғамдық көлікте «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері ғана емес, төрт және одан да көп балалары бар барлық ана тегін жүруі керек дейді. АӘК алушыларға баланың қажеттіліктерін ескере отырып, азық-түлік себетін таңдауға мүмкіндік беру қажет. АӘК, бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны алып тастап, оның орнына көп балалы болу мәртебесін шектемей, барлық балалар үшін бірыңғай жәрдемақы енгізу туралы ұсыныс жасалды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 4 539 207 кәмелетке толмаған бала бар. Бұл аса бір көп адам емес және мемлекет бірыңғай жәрдемақы төлеуге мүмкіндік таба алады. Мәселені әлеуметтік тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылардың кезегі, сондай-ақ уақытша тіркеу мәселелерін шешу керек.

050321 AlmСондықтан оқу балалар мекемелеріне (балабақшалар, мектептер) уақытша тіркеу тұрақты тіркеуге айналуы керек.

– Мемлекет «бүгінгі кедей балалар – ертеңгі кедей мемлекеттің» негізін қалайтынын түсінуі керек. Адами капитал – ең тиімді инвестиция. Сондықтан ең алдымен балалардың өмірінің алғашқы жылдарындағы тұрмыс деңгейіне назар аудару қажет. Әлеуметтік төлемдерге баса назар аударудан адами капиталға инвестициялар тұжырымдамасына көшу маңызды. Үкімет іс-қимыл парадигмасын түбегейлі қайта қарау керек. Бұл Үкімет пен мемлекет жұмысының идеологиясы және стратегиялық басымдығы болуға тиіс, – деді депутат Ерлан Смайлов.

ҚХП Алматы қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS