fbpx

Қоғамдық қабылдаудан көмек сұрай келді Жұма, 05 Наурыз 2021 12:15

ҚХП Алматы облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауына Талдықорған қаласының азаматы М.Мұсахановтан өзі зардап шеккен жол-көлік оқиғасы ісінде әділдікті қалпына келтіру мақсатында өтініш келіп түсті.

Істің жай-жапсыры мынадай: 2020 жылғы 20 тамызда кешкі сағат 19.30 шамасында М.Мұсаханов дүкенге шығады. Жансүгіров көшесі бойымен жолды кесіп өтіп бара жатқанда оны көлік қағып кетеді.

Оқиғадан кейін М.Мұсаханов Талдықорған қалалық көпбейінді ауруханасына келіп, оған бұғананың сынуы, жамбас сүйегінің сынуы, мидың орташа шайқалуы диагнозы қойылған. Жүргізуші Г.Кенжебаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу Талдықорған қаласы ПБ ЖПҚҚБ ӨКП инспекторы, полиция аға лейтенанты С.Есімхановтың қаулысымен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылады. Осыған байланысты іс әкімшілік сотта қаралды. Мұсахановтың айтуынша, процесс 7 айға созылып, сот сараптамасы тағайындалған. Сарапшының 21.10.2020 жылғы №810 қорытындысында «Мазда-626» автомобилінің жүргізушісінің жаяу жүргіншіні шұғыл тежеумен басып қалудың алдын алуға техникалық мүмкіндігі болғаны анықталды. Бірақ жүргізуші Г.Кенжебаевтың өтініші бойынша қайталама сараптама жүргізілді. Зардап шегушінің айтуынша, бұл жерде сыбайлас жемқорлық белгілері бар.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде зардап шегуші М.Мұсаханов кінәлі Г.Кенжебаевтан 1 000 000 теңге көлемінде моральдық-материалдық залал алуға ниетті. Өйткені ол алған жарақаттарына байланысты бірнеше қымбат операция жасатты. Бірақ зардап шегушінің мұндай материалдық қаражаты жоқ.

Қоғамдық қабылдаудың заңгері М.Мұсахановқа оның құқығын қорғайтын заң баптары туралы кеңес берді және осы өтініш бойынша сот ісін дайындады.

ҚХП Алматы облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS