fbpx

Тәні саудың жаны сау Дүйсенбі, 12 Сәуір 2021 08:21

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай ҚХП Алматы облыстық комитеті жастар үшін таза ауада спорт жарыстарын ұйымдастырды.

Ол үшін партия активі қала маңындағы аула спорт кешеніне барып, бірқатар спорт түрі бойынша жарыс өткізді. Жастар іс-шараға белсенді қатысты және өздерінің физикалық қабілеттерін көрсетуге тырысты.

Комитеттің бірінші хатшы Сәуле Биғарова қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың, спортпен айналысудың, жаман әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ ол әркімнің өз денсаулығына ұқыпты қарауы тиіс екенін жеткізді. Өйткені дені сау ұлт – мемлекеттің дамуының көрсеткіші.

ҚХП Алматы облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS