fbpx

Бала асырап алу мәселесі талқыланды Жұма, 11 Маусым 2021 09:52

ҚХП Алматы қалалық филиалы ұйымдастырған жиынға балалар үйлерінің, қамқоршылық кеңесінің, денсаулық сақтау органдарының сонымен қатар қайырымдылық қорларының өкілдері шақырылды.

Шара шеңберінде бала асырап алушылар бетпе-бет кездесетін мәселелер күн тәртібіне қойылды. Біле жүріңіз, елімізде 23 мың жетім бала бар. Оларды асырап алғысы келетін азаматтарды қағазбастылық қажытады.

Асырап алушылар балалар үйлері мемлекет есебінен қаржыландырылатынын, әр балаға айына 200 мыңға жуық теңге бөлінетінін, бала неғұрлым көп болса, соғұрлым балалар үйінде ақша көп болатынын алға тартты.

Шетелдіктер науқас балаларды ғана асырап ала алады. Оларға дені сау бала берілмейді. Балалар үйі меңгерушісінің айтуынша, бұл талап қатаң сақталады.

Әңгіме барысында асырап алушылардың психологиялық дайындығы да сөз болды. Кейде асырап алушылардың баланы тәрбиелей алмай, кері қайтаратын кездері болатыны баяндалды. Мұндай жағдай балалардың психикасына кері әсер етеді.

Отырыста балаларды қорғау инспекторы қызметін құру, ата-аналары әрекетке қабілетсіз деп танылған балаларға қамқорлық жасау, балалардың құқығын қорғау мақсатында қатер тобындағы отбасыларды қолдау орталықтарын ұйымдастыру сияқты бірқатар ұсыныстар айтылды.

ҚХП Алматы қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS