fbpx

ҚХП: Экология мәселесін шешу – маңызды міндет Сәрсенбі, 30 Желтоқсан 2020 19:05

ҚХП-ның Алматы қалалық филиалында онлайн режимде «Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын шешудегі Қазақстан Халық партиясының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға белгілі экологтар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың экология мәселелері жөніндегі ҒЗИ директоры, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының өкілі, Қазақстан Халық партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Айжан Сқақова қатысты.

301220AlmKrugStol

Халық партиясының «Халық, жер, әділдік!» жаңа әлеуметтік бағдарламасында 10 бастама ұсынылған. Бұл әлеуметтік мемлекет құрудың және қазіргі заман шындығындағы жаңа экономикалық дамудың негізгі мәселелері. Алайда бағдарламаға қазақстандық қоғам үшін жаһандық ауқымда туындайтын өзекті және өткір мәселелерді қарастыру маңызды. Олардың қатарында экологиялық қауіпсіздік мәселелері бар.

Талқылау барысында қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, Алматы және Қазақстанның басқа да ірі өнеркәсіптік қалаларындағы қолайсыз экологиялық ахуалға байланысты қалыптасқан жағдайды өзгерту бойынша ұсыныстар айтылды. Ескертулер мен ұсыныстар қорытынды құжатқа енгізілді.

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS