fbpx

Тұрғын үй тығырығынан шығар жол бар ма? Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 08:22

ҚХП Алматы қалалық комитетінде қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесін шешу тақырыбында қоғамдық пікірталас өтті. Отырысқа тәуелсіз сарапшылар, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері мен партия активі қатысты.

Қазақстанда мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүргізетін тұрғын үй саясаты мұқтаждарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Урбанизация қарқынының жоғарылығы, ауыл тұрғындарының қалаға келуі тұрғын үйге үлкен сұраныс тудырды. Тұрғын үй тапшылығы ірі қалаларға ортақ мәселеге айналып барады. 

Салауатты өмір салтын ұстану, толыққанды жұмыс істеу, балаларды тәрбиелеу, білім алу үшін адам ең алдымен тұрғын үйге, әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани ресурстарға қол жеткізе алуы керек. Осының бәрі қабысса, лайықты өмір сүруге мүмкіндік ашылады. Бұл факторларды ескермесе, кез-келген реформа сәтсіздікке ұшырайды. Оның ішінде тұрғын үй реформалары да бар.

Осы проблеманың өзектілігін айқындайтын маңызды факторларға мыналар жатады: Қазақстанда тұрғын үй саясатының жеткіліксіз әзірленуі; тұрғын үй реформасын іске асыруда үйлестірілген тиімді шаралар әзірлеу; оңтайландыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын негіздеу қажеттілігі.

Талқылау барысында Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы басшысы орынбасарының м.а. Азат Исламов, Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Құлболдинов, «"Best way» тұрғын үй кооперативінің өкілі, қаржы кеңесшісі Ильмира Соболевская сөз сөйледі.

Тұрғын үй жетіспеушілігіне алып келетін мәселенің бірі – оның қымбаттығы. Жеке меншік компания нысанды сату үшін салады. Кезекте тұрғандарға тегін пәтер бөлу олардың мүддесіне жатпайды. Мәселен, 200 пәтердің ішінен ол қандай да бір тұрғын үй бағдарламасы үшін бір-екі пәтер ғана бөліп бере алуы мүмкін. Мемлекеттік құрылыс аз салынады. Тиісінше, ондағы кезек те баяу жүреді. Осылайша, ірі мегаполистерде өтеусіз тұрғын үй беруде үлкен қиындықтар туындайды. Мысалы, өткен жылдары Алматыда кезекте тұрған мұқтаждар үшін 4 мың пәтер беріледі. Ал кезекте тұрғандардың үлесі 30 мыңнан асып түседі.

240221 Almaty 1240221 Almaty 2
ҚХП-ның әрбір қазақстандыққа жеке құрылыс үшін 20 сотық жер бөлу туралы ұсынысы – жақсы бастама. Алайда қала ішіндегі және одан тыс аумақтағы барлық жер сатылып кеткен. Мемлекет пайдаланылмай тұрған мұндай жерлерді сатып алып, мұқтаждарға үлестіруді жоспарлап отырған жоқ. Оның үстіне көптеген сату мәмілелері заңсыз рәсімделген. Алайда оның ақ-қарасын анықтауға асыққан адам жоқ. Сонымен қатар Алматы таудың, ұлттық парктердің, шатқалдардың айналасында орналасқан. Ал бұлар мегаполистің жасыл белдеуі болып саналады.

Тығырықтан қалай шығуға болады? Мысалы, тұрғын үй кооперациясын, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға, инвесторларды тартуға болады. Қалалық комитет активінің ұсынысы – тұғын үй бағдарламаларын ұлғайту және оларды ойластырылған, неғұрлым қолжетімді әрі түсінікті ету. Партиялықтардың пікірінше, мүгедек адамдарға да назар аударған жөн.

Талқылау қорытындысы бойынша барлық ұсыным ҚХП Орталық комитетіне жолданды.

ҚХП Алматы қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS