fbpx

Медеу аумағындағы акция Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 08:24

ҚХП-ның Алматы қаласындағы Медеу аудандық комитеті «Партия дауысы» акциясын өткізді. Белсенділер шағын аудан тұрғындары арасында ҚХП фракциясының депутаттық сауалдарын таратып, түсіндірді.

Халық партиясының жұмысы туралы ақпарат жазылған материалдар Медеу, 28 панфиловшылар саябағында, Горький саябағында жүрген адамдарға үлестірілді. Комитет белсендісі Станислав Ан атап өткендей, акцияның аумағы мақсатты түрде таңдалған.

– Біздің аудан қаладағы ерекше жер. Бұларды оңтүстік астананың көрікті жерлері десе де болады. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар келеді, – деді белсенді.

250221 AlmGKАлматылықтар да, басқа қалалардан келген тұрғындар да өздеріне берілген ақпаратқа қызығушылық танытты. Азаматтар белсенділерге партияның ребрендингі және ҚХП фракциясының алдағы жоспарлары туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ берілген кітапшалар мен парақшаларды мұқият зерделеді.

– Қазақстан Халық партиясы үнемі елдегі ең өзекті мәселелерді көтереді, – деді олар.

ҚХП Алматы қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS