fbpx

Спортшы балаларды жемқорлық пен буллингтен қалай қорғаймыз? Сейсенбі, 02 Наурыз 2021 09:45

ҚХП Алматы қалалық комитетінде «Сыбайлас жемқорлық және буллинг (қорлау) – Қазақстан жастарының қауіпсіздігіне төнген қатер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Талқылауға психологтар, ұлттық таеквондо федерациясының президенті, жаттықтырушылар құрамы, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары мен олардың ата-аналары, Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, партия активі қатысты.

Отырысқа КСРО спорт шебері, №9 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің бұрынғы басшысы Тахир Кашкулидің ҚХП қалалық филиалына жолдаған өтініші себеп болды. Ол өз өтінішінде «сыбайлас жемқорлық, ұрлық, айналаға қол сұғушылық, қарсы шыққандарды түскендерді жою және мектептерді оңтайландыру арқылы балалар спортын жою процесі бірнеше жылдан бері Дөнбаев пен Байсейітовтің басшылығымен Алматы қалалық спорт басқармасында жүзеге асырылып келеді» деп жазды. Сондай-ақ қалалық спорт басқармасы шенеуніктерінің заңсыз әрекеттерін растайтын фактілер ұсынылды. Бұдан бөлек, спортшылардың ата-аналары, жаттықтырушылары, спорт мектептерінің оқушылары қатысқан талқылау барысында спортшы балалардың мектептерде ұнамды және ұнамсыз болып бөлінетіні анықталды. Шенеуніктер спорттық қызметті реттейтін заңнама нормаларын жүйелі түрде бұзып отыр. Атап айтқанда, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысына, мектептердің жабық бюджеттеріне байланысты бюджет қаражатын дұрыс бөлмеуіне, киім-кешек алымдарына, қосымша жаттығулар, қонақ үйлер және т.б. мақсаттарға төлеуге қатысты шағымдар түсті. Мұндай жағымсыз фактілер елдегі спорттың дамуына кедергі келтіреді. Оң динамика үшін спортшылар мен жаттықтырушылардың тиімді өзара іс-қимылы, спорт мектептеріне қаржылық қолдау көрсету және жас спортшылардың таланттарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Сонда ғана қазақстандықтардың әлемдік спорт аренасындағы жұлдызы жарқырайды.

020321 AlmGKҚалыптасқан жағдайды талқылағаннан кейін дөңгелек үстелге қатысушылар ұсыныстар айтты. Олар спорт мекемелерінің жұмысына міндетті қоғамдық мониторинг енгізуді, балалармен де, бапкерлер құрамымен де жұмыс істеу үшін әр мектепте штаттық психолог лауазымын енгізуді, спорт мекемелеріне интернеттен барлық қаржылық есептерді, соның ішінде штаттық кестелерді жариялайтын сайттар ашуға міндеттеуді, спорт мекемелеріне жыл сайынғы бюджеттерді жариялауды және олардың тоқсан сайын орындалуын міндеттеуді, спорт шеберлігіне үміткерлердің, спорт шеберлерінің разрядтарын, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері атақтарын алу үшін бағалаудың түсінікті жүйесі заңнамалық деңгейде бекітіліп, қалалық спорт басқармаларының сайтында ашық әрі қолжетімді жариялануын, Қазақстан Ұлттық құрамасына, қалалар мен облыстардың құрамасына, сондай-ақ құрама командалардың жаттықтырушылар құрамына спортшыларды іріктеудің ашық жүйесін жасауды ұсынды.

Ұсыныстар жұмыста пайдалану үшін қалалық спорт басқармасына, спорт мектептеріне және басқа да спорт мекемелеріне жіберілді. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова көтерілген мәселе бойынша депутаттық сауал дайындауға уәде берді.

ҚХП Алматы қалалық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS