fbpx

ҚХП өкілдері шағын ауданның мәселесін шешуде Сейсенбі, 30 Наурыз 2021 09:07

ҚХП Алатау аудандық комитетінің хатшылары Дмитрий Подмазов пен Бауыржан Смаил «Болашақ» шағын ауданының тұрғындарымен және Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің өкілдерімен кездесті. Онда тұрғын үй алабын абаттандыру бойынша маңызды мәселелер талқыланды.

«Болашақ» тұрғындары жолдардың, жарықтандырудың, коммуникациялардың (су құбыры, кәріз, телекоммуникация, интернет), автобус аялдамаларының, балалар алаңдарының жоқтығына шағымданып отыр. Олар дәлел ретінде аудан әкімдігіне бірнеше рет жолданған өтініштердің көшірмесін ұсынды. Телефон байланысы арқылы мәселелерді талқылауға ҚХП атынан сайланған Алматы қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Шоқанов қосылды. Ол бұл мәселелерді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековқа жеткізгенін айтты. Депутат науқастанып қалғандықтан кездесуге қатыса алмады. Бірақ атқарылған жұмыс туралы ақпарат берді және айтылған барлық мәселенің оң шешімін табатынына сендірді.

300321 AlmatyСондай-ақ тұрғындар жеке меншікке өткен жер учаскелері мәселелерін қозғады. Осының салдарынан шағын аудан арқылы өтетін бірнеше жолдың ені қысқарған. Бұл мәселені ҚХП Алатау аудандық комитетінің хатшылары назарда ұстамақ.

Кездесу соңында тұрғындар шағын ауданның мәселесін шешуге көмек көрсеткені үшін Қазақстан Халық партиясының өкілдеріне алғыс білдірді.

ҚХП Алатау аудандық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS