Каспий жағасындағы ҚХП акциясы Жұма, 08 Қаңтар 2021 20:38

ҚХП-ның Маңғыстау облысы бойынша сайлауалды штабының активі Қазақстан Халық партиясына қолдау көрсету мақсатында қорытынды үгіт-насихат акциясын өткізді.

Каспий теңізінің жағалауында ҚХП атынан депутаттыққа кандидаттар, штаб өкілдері, кандидаттардың сенімді өкілдері, еріктілер және белсенділер «Каспий, жер, бейбітшілік және достық!» флешмобын ұйымдастырды. Партияның символикасы бар қызыл күртешелер киген, түрлі-түсті әуе шарлары мен қызыл жалаулар ұстаған іс-шараға қатысушылар «Жер, халық, әділдік!», «Жер, бейбітшілік, достық!» деп ұрандады.

080121MangKaspy

Үгітшілерге скандинавиялық жүріспен айналысатындар қосылды және бірлескен іс-шара өткізді. Мақсат – ұлт денсаулығына, белсенді өмір салтына, экологияға, қоршаған ортаны қорғауға және Қазақстанның табиғи байлықтарына назар аудару. Оның бірі Каспий екені сөзсіз. Халық партиясы бұл мәселелерді өзінің талқылауларында, отырыстарында және депутаттық сауалдарында бірнеше рет көтерді.

– Қазақстан әрбір адамның үні тыңдалатын, оның мүдделері қорғалатын гүлденген елге айналуы тиіс, – деп акцияны қорытындылады депутаттыққа кандидат Роза Махамбетова.

#ҚХП #НПК #QHP #Народнаяпартия #Халықпартиясы

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS