ҚХП Маңғыстау облыстық комитетінің активі депутаттық сауалдар жазылған кітапшаларды қала тұрғындарына таратып, оларға қысқаша түсініктеме берді.
Бұл жолы Халық партиясы депутаттарының депутаттық сауалдары қазақстандықтардың өміріндегі аса маңызды бағыттарды қамтыды. Атап айтқанда, мектепке дейінгі мекемелерді қаржыландыруды арттыру қажеттілігі, «Әлеуметтік бірлік және азаматтардың әл-ауқаты» ұлттық жобасын қабылдаудың маңыздылығы, жұмыспен қамту жол картасының тиімділігін арттыру, мал ұрлығына қарсы күрес секілді тақырыптар қаузалды.
Ақтаулықтар Қазақстан Халық партиясы фракциясы депутаттарының бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
ҚХП Маңғыстау облыстық комитеті