fbpx

«Шапағат»: қайырымдылықта шекара жоқ Сейсенбі, 23 Ақпан 2021 08:31

ҚХП Маңғыстау облыстық комитеті «Шапағат» халықтық жобасы аясындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Бұл жолы партия белсенділері мешіт маңында Ақтау тұрғындарынан садақа сұрап тұрған адамдарға назар аударды. Олардың ішінде балалар да бар. Күннің салқындығына қарамастан, жеңіл киінген адамдарға ҚХП белсенділері жылы киім-кешек, аяқ киім тарту етті.

Сондай-ақ партиялықтар олардың қайда тұратынын, әлеуметтік мекемелердің есебінде бар-жоқтығын, қандай да бір көмектің берілетінін я берілмейтінін нақтылап сұрады. Белсенділер қажет болғанда ҚХП Маңғыстау облыстық комитетіне жүгінуге мүмкіндік барын айтты. Бұл жерден азық-түлік жиынтығы, киім-кешек, тұрмысқа қажетті дүниелерді алуға болатыны түсіндірілді. Шешімін таппай жүрген өзекті мәселелер болса, комитеттің заңгері қол ұшын созуға дайын. Атап айтқанда, ол тұрғын үй кезегіне немесе медициналық порталға тұру, құжаттарды қалпына келтіру, алимент өндіріп алу немесе басқа да азаматтық істерді реттеуге көмектеседі.

Партия комитетінің хатшылары мен белсенділері қиын сәттерде оларды тыңдап, қолдау көрсетуге, әкімдікке, ХҚКО-ға, жұмыспен қамту орталығына және басқа да қызметтерге тиісті өтініштер жазуға көмек көрсетуге әрқашан әзір.

ҚХП Маңғыстау облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS