fbpx

Баспана неге қолжетімді емес? Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 08:26

ҚХП Маңғыстау облыстық комитеті Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімінің, «Отбасы банк» АҚ өкілдерінің, қала тұрғындарының және партия активінің қатысуымен қазақстандықтардың тұрғын үй проблемаларын шешу тақырыбында қоғамдық пікірталас өткізді.

Талқылау барысында БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алуға немесе жөндеуге қалай пайдалану керек, мемлекеттік немесе банк жүйелері қандай тұрғын үй бағдарламаларын ұсына алады деген мәселелер талқыланды.

«Отбасы банкінің» өкілі банк тұрғын үй бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асырып жатқанын хабарлады. Тұрғын үй сатып алуға өтініш берген азаматтар қажетті құжаттарды ұсынуы керек. Олардың тізімі де сол жерде айтылды. «Шаңырақ», «Бақытты отбасы», «Нұрлы жол», «Өз үйім» мемлекеттік бағдарламалары жұмыс істейді. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың наурыз айында жалғыз басты ата-аналар, көпбалалы отбасы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар санаты бойынша жалға берілетін тұрғын үй үлестірілетін болады. «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй сатып алу үшін Қазақстанның азаматы болу керек, жылжымайтын мүлкінің болмауы шарт, отбасының табысы кемінде 106 000 теңге болуы тиіс. Несиенің жылдық мөлшерлемесі 2 пайыз, бастапқы жарна 10 пайыз. Несие 20 жылға беріледі. «Шаңырақ» бағдарламасы біз айтқан үш санатпен шектелмейді. Басқа санаттар да 5%-бен тұрғын үй ала алады. Бірақ ай сайынғы табыс 126 000 теңгеден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ пәтер құнының кем дегенде 10 пайызын бастапқы жарна ретінде төлеу қажет. «Өз үйім» бағдарламасының да белгілі бір талаптары бар.

Қазақстандықтар үшін өзекті тақырып – зейнетақы жинақтарын дұрыс және тиімді пайдалану. Өкінішке қарай, зейнетақы жинақтарына қол жеткізу туралы ақпарат шығысымен, тұрғын үй бағасы шарықтап кетті. Мысалы, Ақтау қаласындағы бұрын 8-9 млн теңге тұрған 2 бөлмелі пәтерлер қазір 12-14 млн теңгеге сатылып жатыр.

Тұрғын үй мәселесі Қазақстандағы ең өткір проблемалардың бірі. Бүгінде әрбір екінші қазақстандық тұрғын үй сатып алуды немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет етеді.

Халық партиясы жағдайды өзгерту үшін шұғыл әрекет қажет деп санайды. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тиімді әрі әрбір орташа статистикалық қазақстандыққа қолжетімді болатын тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру керек. ҚХП жас отбасылар мен аз қамтылған азаматтар үшін тұрғын үй құнын төмендетуді жақтайды. Осы мақсатта мемлекет шаршы метрдің қолайлы құнын және мұқтаждарды қолдаудың қосымша құралдарын белгілеуі тиіс.

ҚХП Маңғыстау облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS