fbpx

Фермерге қолдау көрсетуде Сейсенбі, 02 Наурыз 2021 09:40

ҚХП Маңғыстау облыстық комитетінің қоғамдық қабылдауына «Жаңбыршы» фермасының негізін қалаушы әрі иесі Жалмұрат Төлеген жүгінді. Фермер 152 гектар жерге алма, қара өрік, жүзім, қызанақ, қияр, баялды, қауын және қарбыз өсіреді. Жетібай, Мұнайшы, Құрық және Ақтау ауылдарының тұрғындары оның өнімдерін тұтынып отыр.

Фермер көтерген мәселенің бірі – жұмыс күшінің жетіспеушілігі. Бұған дейін Өзбекстан, Қарақалпақстан елдерінен келген жұмысшылар еңбек еткен. Қазір шекаралар жабық. Ал маусымдық жұмыстар басталып жатыр. Ауыл шаруашылығы өндірушісі көтерген тағы бір мәселе – өсімдік шаруашылығы мен суды субсидиялау. Маңғыстау облысындағы суармалы су мәселесі өткір тұр. Су жетіспейді және көптеген фермерлер оны сатып алуға мәжбүр. Бұл «қалтаға» салмақ салады және өсірілетін тауардың өзіндік құнын арттырады. Кәсіпкердің тап болған үшінші проблемасы – өткізу нарығының болмауы. Көтерме сауда нарығына Жалмұрат Төлеген жеткізетін көкөністер мен жемістер сатып алушыға көтеріңкі бағамен жетеді. Өйткені арада алыпсатарлар бар. Салдарынан тұтынушы үшін өнім қымбатқа түседі. Бұл саудаға теріс әсер етеді. Жемістер мен көкөністер тез бұзылады. Демек, онда ферманың иесі шығынға ұшырайды. Сондықтан фермер ауыл шаруашылық өнімдерін сату үшін басқа нарық іздеуге тырысады. Ол «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның оған көмек көрсетуін, көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерін сату үшін дүкендер, соның ішінде әлеуметтік дүкендер бөлуді сұрады.

Өтінішті қарап, партия комитетінің бірінші хатшысы Роза Махамбетова мен қоғамдық қабылдаудың заңгері кейбір мәселелерді түсіндіріп, «Каспий» ӘКК» АҚ мен Жұмыспен қамту орталығына өтініш дайындады.

ҚХП Маңғыстау облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS