fbpx

«Көңілді старт» мерекенің көрігін қыздырды Бейсенбі, 08 Сәуір 2021 11:39

ҚХП Маңғыстау облыстық комитеті «Көңілді старт» спорттық жарысын ұйымдастырды. Ол Халықаралық денсаулық сақтау күніне және Дүниежүзілік мүмкіндігі шектеулі балалар арасында аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай үйымдастырылды.

Акция ел назарын дене шынықтыру арқылы баланы дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және спорттық-сауықтыру іс-шараларына көпшілікті тартуға бағытталған.

Сайыста «Улыбка» және «Радуга» командалары бақ сынады. Олар жақсы дайындықпен келіпті. Сайыс қорытындысы бойынша «Улыбка» командасы жеңімпаз атанды. Барлық жас қатысушыларға грамоталар, сыйлық сертификаттары және ынталандыру сыйлықтары ұсынылды.

– Біз балаларға тамаша көңіл-күй сыйлағанымызға қуаныштымыз. Бүгінгі шара арқылы мүгедек балалардың проблемасына назар аударуды көздедік. Баланың әлеуметтік мәртебесі мен физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, оның дамуы үшін барлық жағдай жасалуы қажет. Балалардың барлығы толыққанды өмір сүріп, бақытты болуы керек. Ал ересектер оларды қамтамасыз етуге міндетті. Шараға атсалысқан жандарға алғысымыз шексіз. Спорт залын ұсынған мектеп әкімшілігіне, жарысқа қатысушылар үшін тамаша сыйлықтар дайындаған демеушілерге ризашылық білдіреміз, – деді ҚХП Маңғыстау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Роза Махамбетова.

ҚХП Маңғыстау облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS