fbpx

Жастардың шетелге кетуі жақсы үрдіс емес Жұма, 30 Сәуір 2021 09:33

ҚХП Павлодар облыстық комитеті «Партия дауысы» акциясын өткізді. Шара барысында Павлодар мен Екібастұзда Қазақстан Халық партиясы фракциясының соңғы депутаттық сауалдарының 500-ден астам данасы таратылды. Азаматтарға депутаттық сауалдарды үлестіру кезінде олардың мазмұнына қысқаша түсініктеме берілді.

Депутаттар сияқты өңір тұрғындарын да жұмысқа қабілетті адамдардың, әсіресе жастар мен білікті мамандардың жұмыс іздеп, оқу іздеп шетелге кетіп жатқанына алаңдаулы. Бұл отандық жоғары оқу орындарында мамандар даярлаудың деңгейінің төмендігіне, жұмысқа орналасу мен лайықты жалақының жоқтығына, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігіне тікелей байланысты.

Сондай-ақ өңір тұрғындары инвестициялардың төмендігі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту мен жаңғыртуды тежейтінін жеткізді. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, мемлекет пен азаматтардың кірісінің артуына ықпал етпейді. Ал ел экономикасы тұтастай алғанда шикізатқа тәуелді болып қала береді.

ҚХП Павлодар облыстық комитеті

Осы категорияда « Қауіп – көршілерден

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS