fbpx

Еңбек нарығы кадр тапшылығын сезініп отыр Сейсенбі, 08 Маусым 2021 09:56

ҚХП Павлодар облыстық филиалында экономика және әлеуметтік саладағы білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі талқыланды.

Қоғамдық пікірталасқа білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мен кәсіпкерлік басқармаларының өкілдері сонымен қатар С. Торайғыров атындағы ПМУ ұстаздары және мәслихат депутаттары атсалысты.

Қатысушылар атап өткендей, білім беру реформасының ортақ мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болуға тиіс. Өйткені табысты экономика ғана халықтың біліміне, дағдысы мен қабілетіне инвестиция құяды. Сондықтан білім беруді әлеуметтік шығын емес, экономикалық инвестиция деп қабылдау қажет.

Бүгінгі таңда еңбек нарығы 149 мыңға жуық маманға зәру. Өндірісте инженерлер мен техникалық қызметкерлер жетіспейді. Тап қазір Павлодар облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары техникалық және кәсіптік білімі бар 2 600 маманның тапшылығын сезініп отыр.

Әлеуметтік саладағы білікті кадр мәселесі де өзекті. Елімізге 5 мың дәрігер мен 8,5 мыңнан астам орта білімі бар медициналық қызметкер қажет.

Маман тапшылығы мәселесін шешу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар жоғары оқу орындарымен бірлесіп, нақты іс-шараларды

іске асыруға тиіс. Мақсатқа жету үшін біліктілікті арттыру мен қайта даярлау курстарын, жұмыс берушілердің қатысуымен өтетін студенттерге арналған бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру қажет. Бұдан бөлек техникалық білімі бар түлектерге жұмысқа орналасуға жолдама беру, еңбек нарығының қажеттілігін болжау және кәсіпорындарға қажетті мамандарды даярлауға басымдық беру ісі жолға қойылуға тиіс.

ҚХП Павлодар облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS