fbpx

Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға болмайды Жұма, 11 Маусым 2021 09:50

Павлодар облыстық, Екібастұз және Ақсу қалалық филиалдарының белсенділері республикалық «Партия дауысы» акциясын өткізді.

Аймақ тұрғындарына Қазақстан Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыровтың Мәжілістің пленарлық отырысында сөйлеген сөзі мен Қазақстан Халық партиясы депутаттарының Үкіметтің 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қолдамағаны туралы мәлімет ұсынылды.

Партия өкілдерімен сұхбаттасу барысында ел азаматтары халықтың жоғын жоқтайтын жандар көп болса, елдің тұрмысы түзеліп, жағдайы жақсарар еді деген ойларын ортаға салды.

Тұрғындар азық-түлік пен дәрі-дәрмек сондай-ақ жанар-жағармай бағасының қымбаттап жатқанына, жұмыссызықтың белең алғанына наразылық білдірді.

Бұған қоса бюджет қаражатының имидждік немесе сәтсіз жобаларға жұмсалатынына қынжылатындарын жеткізді.

ҚХП Павлодар облыстық комитеті

Соңғы материалдар

© 2021 Қазақстан Халық партиясы. Барлық құқықтар қорғалған.

HELIX_NO_MODULE_OFFCANVAS